Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Отандасымыз жарыстағы екінші жекпе-жегінде малайзиялық Мұхаммад Арифф Айманды техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек толық жалғаспады. Үшінші раундта үшінші рет нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші жұдырықтасуды тоқтатты. Нәтижесінде отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дулат бірінші жекпе-жегінде тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангтан басым болып шыққан еді.
Жартылай финалда тәжік боксшысы Шухрат Саломотовпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бүгін тағы үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. Ал Диас Молжігітовтің қарсыласы жұдырықтаспайтын болғандықтан, бірден жартылай финалға өтті.