«Қайрат» футзал клубы ұлттық құрама ойыншысы Дугласпен жетіжылдық келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісімшарт бойынша ол алматылық ұжымның намысын 2023 жылға дейін қорғайтын болады.
БӨЛІСУ
28 жастағы ойыншы «Қайрат» сапына 2014 жылы қосылған болатын. Одан бергі аралықта командамен екі рет ел чемпионы, ел кубогының иегері атанды. Сондай-ақ, УЕФА кубогы, әлем Суперкубогы мен Еременко кубогында да жеңіс тұғырынан көрінді.
Дуглас Жуниор да Силва Қазақстан ұлттық құрамасында да бақ сынап келеді. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Колумбияда өткен әлем чемпионатында командамен 1/8 финалға дейін жетті.