Кот’д Ивуар құрамасының шабуылшысы Дидье Дрогба лондондық «Челсиге» қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы ағылшын баспасөз құралдары хабарлауда.
36 жастағы футболшы мен түркиялық «Галатасарай» арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталды. Бірақ, стамбулдық клуб Дрогбаға өз қатарларында қалу үшін жаңа ұсыныстар тастауда. Дегенмен шабуылшы клубтан кететінін мәлімдеді. Қазіргі таңда клуб таңдауы еркін жүрген ивуарлық «ақсүйектер» қатарына қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, оған «Ливерпуль» командасы да қызығушылық танытып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Дидье Дрогба 2004-2012 жылдар аралығында лондондық «Челсидің» намысын қорғады. Кейіннен Қытайдың «Шанхай Шэньхуа» клубының қатарын толықтырды. 11 ойында 8 гол соққан шабуылшы онда көп тұрақтамай «Галатасарайға» ауысқан-ды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru