Дрогба әлі доп теуіп жүр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Дрогба әлі доп теуіп жүр
Фото ©️ Yahoo Sports

Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасы мен Лондонның "Челси" клубында атағы шыққан футболшы Дидье Дрогба өз мансабын АҚШ жерінде жалғастыратын болады. Шабуылшы "Финикс Райзинг" командасының қатарын толықтырды.

БӨЛІСУ

"Финикс Райзинг" – АҚШ-тың екінші лигасындағы команда. Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша Дидье Дрогба командада ойнап, кейіннен жоғары қызметтердің бірін атқаруы мүмкін екен. Ал келісімшарт мерзімі туралы ақпарат жарияланған жоқ. Кей бейресми деректер бойынша футболшыға командада бір жыл ойнап, кейіннен спорттық директор болу туралы ұсыныс жасалған.

Айта кетейік, 39 жастағы футболшы спорттық мансабында "Марсель", "Челси", "Галатасарай", "Шанхай Шеньхуа" мен "Монреаль Импакт" командаларында ойнады.