Допты хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады

Допты хоккейден (бенди) Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы алаң иелеріне ірі есеппен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Ресейліктер бірінші таймда Қазақстан қақпасына 6 доп енгізсе, екінші таймда 8 гол соғып көзге түсті. Нәтижесінде отандастарымыз бір гол да соға алмай, 14:0 есебімен ойсырай ұтылды.

Қазақстан құрамасы ертең Финляндиямен қола жүлде үшін таласатын болады. Ал Ресей құрамасы 4 сәуір күні Швециямен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Айта кетейік, допты хоккейден алғашқы әлем чемпионаты 1957 жылы Финляндияда өтті. Әлем чемпионаттарын ұйымдастыру кезінде, оларды төрт жылда бір рет өткізу көзделді, алайда 1961 жылы әлемнің екінші чемпионатынан бастап (Норвегия) ол екі жылда бір рет, ал 2003 жылы Ресейдегі әлем чемпионатынан бастап жыл сайын өткізіле бастады. 2014 жылы Ресей құрамасы чемпион атанса, шведтер күміс жүлдегер атанған болатын. Қазақстан құрамасы қоланы қанағат тұтқан еді. Ал әйелдер арасындағы допты хоккейден әлем чемпионаты 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Cурет: championat.com