Допинг дауы лицензиядан шегеруі мүмкін ДАЙЫН

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Допинг дауы лицензиядан шегеруі мүмкін ДАЙЫН

«Астана» велокомандасы әлем турларына қатысатын лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін. Халықаралық Велосипедшілер Одағының тексерісі барысында, жыл басынан бері  команданың үш спортшысынан допинг қабылдағаны анықталған.

БӨЛІСУ

Максим және  Валентин Иглинскийді тексеру нәтижесінде эритропоэтинның ағзаларында бар екені анықталса,  енді бұл тізімге тағы бір спортшымыз  Илья Давиденко  да ілініп отыр.  Осы жылдың тамыз айында Тур де Авенирде топ жарған Илья, Қазақстан біріншілігінде де алдына жан салмай жеңіске жеткен.  2006 жылы ел біріншілігінде алтынан алқа тағынған Максим Иглинский  2004-2008 жылдары Олимпиада ойындарында топтық бәсекеге қатысқан. Алдағы уақытта «Астана»  велокомандасының басшылығы Халықаралық Велосипедшілер Одағымен кездесіп, мәселені шешуге тырыспақшы.

Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет

Сурет: www.dailynews.kz