Дмитрий Баландин алтыншы орынмен шектелді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Дмитрий Баландин алтыншы орынмен шектелді
Фото ©️ vesti.kz

Су спортынан Қазанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде алтыншы орын алды.

БӨЛІСУ

Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде төртінші орын алған болатын. 200 метр қашықтыққа жүзуде отандасымыз алтыншы орынмен шектелді. Ол бұл қашықтықты 2:09.59 минутта бағындырды.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде неміс Марко Кох чемпион атанды. Оның уақыт көрсеткіші 2:07.76 болды. Күміс жүлде америкалық Кевин Кордсқа (2:08,05) бұйырса, қоланы мажар елінің спортшысы Даниэль Дьюрта (2:08,10) иеленді.

Айта кетейік, Қазандағы әлем чемпионаты ертең мәресіне жетеді. Қазақстандық спортшылар әлі жүлделі орыннан көріне алған жоқ.