Джон Мирасти "Барыстан" кетті

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Джон Мирасти "Барыстан" кетті

Астаналық "Барыс" хоккей клубы мен канадалық шабуылшы Джон Мирасти арасындағы келісім-шарт өз күшін жойып, хоккейші ресми түрде клуб қатарынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Осыған дейін астаналықтар қатарындағы белгілі тафгай (хоккейдегі жекпе-жек шебері) "Витязь" хоккейшісі Тревор Гиллиспен болған қоян-қолтық ұрыстан соң, иығынан жарақат алып, біраз уақыт емделген еді. Тек ақпанның соңына қарай ол клубпен жаттығуға кірісті. Бірақ оған ойынға қайта оралу бақыты бұйырмапты. Клуб арадағы келісімді бұзуға мәжбүр болған. 

Осы маусымда Тафгай 10 матчқа қатысып, 17 минут айып уақытын және "гол+пас" ережесі бойынша 1 ұпай иеленді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz