Джеррард, спорттық мансабын "Ливерпульде" аяқтамауы мүмкін

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Джеррард, спорттық мансабын "Ливерпульде" аяқтамауы мүмкін

Келесі жылы Ливерпульдің капитаны Стивен Джеррард команда ауыстыруы мүмкін. Стивеннің сөзіне сүйенсек; «Алдағы жылдың жазында жаңа маусымды «Ливерпуль» командасымен, болмаса басқа біріншіліктерде өнер көрсетуім мүмкін, ол жағы әзірге Ливерпульдің басшылығы шешетін болады» дейді.
Мерсисайдтықтардың капитаны өткен чемпионаттың да өкінішті жақтарын жасырып қала алмады. Команданың негізгі ойыншысы Суарестің Барселонаға ауысуымен, Ливерпульдың бұрыңғы ойыны мүлде байқалмағанын да ескертті.
Бір команданың сапында ойнап еңбек жолын аяқтаған футболшылардың қатары өте сирек. Бұған дейін «Манчестр Юнайтедтік»
Райан Гиггз аяқтаса, ендігі жолды Джеррардтан күткен едік. Бірақ Стивеннің бір командамен аяқтауы, болмаса басқа команданың намысын қорғауы команда басшылығына қалып отыр. 

БӨЛІСУ

Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет

Сурет: football.ua