Джалолов Астанадағы бокс кеші алдында мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Джалолов Астанадағы бокс кеші алдында мәлімдеме жасады
Фото ©️ ©upl.uz

Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа қалай оралғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы 5 сәуірде Астанадағы бокс кешіне қатысады.

"Қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Не болатынын ринг көрсетеді. Қарсыласымды нокаутқа түсіруге тырысамын. Бұл менің халқым үшін біздің аймақтағы ең маңызды жекпе-жек болады. 

1-2 жылдан кейін әлем чемпионы боламын. Титулды алуға дайынмын. Уақыт көрсетеді. Рейтингте жоғарылау өте маңызды. Титул жеңіп алып, суперауыр салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі болғым келеді", - дейді Джалолов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз