Қазақстандық танымал шахматшы Динара Сәдуақасова Аль-Айнда (БАӘ) өткен Азия чемпионатында бесінші орын алды. Отандасымыз жарыс қорытындысы бойынша 6,5 ұпай жинады.
Әйелдер арасында ирандық шахматшы Митра Хеджазипур жеңімпаз атанды. Ерлер арасында Біріккен Араб Әмірлігінің намысын қорғаған Салех Салем үздік шықты. Бұл сында қазақстандық Рустам Хуснитдинов 5,5 ұпаймен 15-ші орыннан көрінді.
Айта кетейік, Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жақында ғана жаңарған рейтингін жариялаған болатын. Жастар арасындағы рейтингте 18 жастағы Динара Сәдуақасова тоғызыншы орыннан көрінген еді. Тағы бір қазақстандық – 15 жастағы Жансая Әбдімәлік 11-орында. Ал 11 жасар Бибісара Асаубаева болса 72-ші орынға жайғасқан. Ал әлемнің 100 үздік шахматшысы рейтингінде Динара 70-ші, Жансая 97-ші орында тұр.