Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелінің қатарына кірді

Massaget Корреспондент
Massaget >
Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелінің қатарына кірді
Фото ©️ ©David Liada

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелінің қатарына кірді, деп хабарлайды Қазақстанның шахмат федерациясы.

БӨЛІСУ

23 жастағы Сәдуақасова 2700chess.com онлайн рейтингі бойынша 9-орынға көтерілген. Ол ресейлік гроссмейстер Александра Костенюк пен Блицтен әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені артқа қалдырып отыр.

Динара Сәдуақасова бұған дейін Grand Swiss турнирін сәтті аяқтап, рейтингтегі ұпайы 2505-ке (11-орын) жеткен еді.

Сондай-ақ, Қытайда өткен Азия чемпионатында топ жарып, құрлықтың үздік шахматшысы атанған болатын.

*Динара Сәдуақасова (22 жаста) – шахмат академиясының негізін қалаушы. Ол 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы атанған спортшы. 2017 жылдан бастап ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы елшісі. Әлемдегі ең мықты шахматшылар рейтингінде 12-орынды иеленген. 2012 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы берілді, ал 2017 жылы ерлер арасындағы халықаралық спорт шебері атанды.