Диего Марадона футболмен түбегейлі қоштаспақ

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
ЮРИЙ НИКУЛЛИН>
Диего Марадона футболмен түбегейлі қоштаспақ

Аргентина құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы және соңғы уақытта бапкерлікпен айналысып жүрген Диего Марадона футболдан түбегейлі кететінін айтты.

БӨЛІСУ

Марадонаның айтуынша, ол футбол командаларын баптамақ түгілі футболға қатысы бар дүниелерден басын аулақ ұстамақ.  

Бұған басты себеп ретінде аргентиналық “Ривер Плейт” клубының басшылығы айтылып жатыр. Өйткені, аталған басшылық команданың бас бапкері Матиас Альмейданы ешқандай негізсіз ауыстырған екен. Осы мәселеге байланысты Марадона команда басшыларымен қанша келіссөзге барса да, тұжырымды жауап ала алмағандығын айтып, ақыры осындай шешімге барып отырған көрінеді.

Айта кетейік, Марадона соңғы жарты жылда футболға қатысты ешқандай жұмыс атқармады. Одан жарты жыл бұрын БАӘ-де «Әль Васл» командасын баптаған болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: itar-tass.com