Атақ құмар ағылшын Джек Джонсонның әрекетіне таңғалып жатқандар жетерлік. 19 жастағы жігіт болашақта тележурналист болуды армандайды. Мақсатына жету жолында үлкен құрбандыққа баруға әзір екендігін Джек өз әрекетімен әлемге көрсетті. Атақты ағылшын футболының жұлдызы болған Дэвид Бекхэмның егізіне айналу жігіттің – басты жұмысы.
Қазірдің өзінде 20 мың фундтан аса қаржы жұмсап үлгерген жігіт мұнысымен тоқтар емес. Болашақта тағы да 30 мың фундпен химиялық ем қабылдап, нағыз егізіне айналу жоспарында бар екен. Алайда, Джектің бұл идеясы қаншалықты жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Себебі, кейбір дәрілер адам ағзасына жақпай жатса, кері әсерін беретін жайттар бұған дейін көптеп кездескен.