Дэвид Бекхэм қайырымдылық қорын құрды

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Ербол Жұмабайұлы>
Дэвид Бекхэм қайырымдылық қорын құрды

Дэвид Бекхэм ЮНИСЕФ-пен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры) біріге отырып, науқас және зорлыққа ұшыраған балаларды қорғайтын қайырымдылық қорын құрды. Атақты футболшының сөзіне сүйенсек, қор әлем елдеріндегі балаларды қорғау мәселесін шешу жолында үлкен еңбек етеді.

БӨЛІСУ

«Біз ЮНИСЕФ-пен жақын арада науқас балаларды емдеу үшін жұмсалатын миллиондаған қаржы жинаймыз, - дейді  Бекхэм. Белгілі футболшы «Мен спорттағы мансабымды тамамдағаннан кейін, бос уақытым көбейе түсті. Сол бос уақытымда, балаларым әкелерімен мақтанып, үлгі тұтуы үшін, қайырымдылық шараларына көп көңіл бөліп жүрмін» дейді.

Дэвид Бекхэм мен ЮНИСЕФ құрған қор «7» деген атауға ие болды. Олай атауының негізгі себебі мынада: бұл «Манчестер Юнайтед» футбол командасының құрамындағы Дэвидтің нөмірі еді. Бұл игі жоба ең бірінші, Сальвадорда, Папуа - Жаңа Гвинеяда және Свазилендте жүзеге аспақ.

Естеріңізге сала кететін бір жайт: Бекхэмнің жары да қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген жандардың бірі. Өткен жылдың күз мезгілінде Виктория Бекхэм Біріккен Ұлттар Ұйымының ізгі ниет елшісі мандатына ие болған.

Қалталы азаматтардың қолында барын далаға шашпай, қайырымдылық қорларын құрып, мұқтаж жандарға қол ұшын созғандары шын қуантады. Егер, сіз Бекхэмнің орнында болсаңыз қайтер едіңіз?

Сурет: i.huffpost.com,