Дэвид Бекхэм футболдан кетті

Ардақ Құлтай Корреспондент
Ардақ Құлтай>
Дэвид Бекхэм футболдан кетті

Ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм футболдағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Соңғы кезде футболшы Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының сапында өнер көрсетіп жүрді. Бэкхемнің соңғы ресми ойыны «Пари Сен-Жермен» клубы мен «Лорьян» командасының ойыны болып тіркелмек. Ойын 26 мамырда «Стад де Мустуар» стадионында болмақ.

«Мен ПСЖ командасына маған жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік бергеніне рахмет айтамын. Дәл осы жоғары деңгейде футболдан кеткенім дұрыс болар» деді 37 жастағы Дэвид. «Егер маған бала кезімде көптеген жеңістерге жететінімді, өзім жақсы көретін «Манчестер Юнайтед» командасының сапында капитан болатынымды, ол команданың жейдесін киіп жүзге тарта матч өткізетінімді айтса бұл қиял сияқты көрінер еді. Бірақ бақытыма орай, мен бәріне де жеттім» дейді ол.

Дэвид Роберт Джозеф Бекхэм – ағылшын футболшысы. Жартылай қорғаушы. 1992 жылы 17 жасында «Манчестер Юнайтед» командасының сапында бірінші ойынын өткізді. Сол команда сапында 6 рет Премьер-лига чемпионы болды, одан кейін 1999 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасында чемпион атағын алды. 2003 жылы Бэкхем «Манчестер Юнайтед» клубынан кетіп, «Реал Мадрид», «Милан» және «Лос-Анджелес Гэлакси» командаларында ойын көрсетті. Ал 2013 жылы қаңтар айында Париждың «Пари Сен-Жермен» клубымен 5 айлық келісім-шартқа отырған болатын. Бұл сапта ол Франция чемпионы болып та үлгерді.

2000-2006 жылдары Бекхэм Англия құрамасының капитаны болды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: activerain.com