Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Еркебұлан Қайрахан>
Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламабойынша 97,61 баллмен жеңген еді. Бұдан кейін ол еркін бағдарлама бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Денис Тен екі күннің қорытындысы бойынша осы спорт маусымының үздік нәтижесіне қол жеткізді - 289,46 (97,61 + 100,45 + 91,40). Екінші орынды АҚШ спортшысы Джошуа Фаррис алды. Ол қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында ғана еді - 260,01, үштікті болса Қытай азаматы Янь Хань қорытындылады. Соңғы спортшы да бірінші бағдарламада бірінші орындардан көріне алмаған болатын - 259,47. 

Қазақстанның тағы бір мәнерлеп сырғанаушысы Абзал Рахымғалиев "Төрт құрлық турнирінде" 168,10 балл жинап, жиырмасышы орынды місе тұтты. Ал би жұптары арасында Қазақстанның атынан шыққан Карина Узурова мен Ілияс Әли 12-орыннан көрінді (102,54). Сайыста Канададан келген жұп  Кэтлин Вивер пен Эндрю Пойе жеңіп шықты - 177,46.