Денис Тен Қазақстанға оныншы алтын медальды сыйлады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Денис Тен Қазақстанға оныншы алтын медальды сыйлады (видео)

Қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстан құрамасының қоржынына оныншы алтын медальды салды. 

БӨЛІСУ

Денис Тен еркін бағдарламада 172.06 ұпайға ие болды. Нəтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша 266.97 ұпаймен жеңімпаз атанды. 

Универсиаданың күміс медалін жапон мəнерлеп сырғанаушысы Кейдзи Танака жеңіп алды. Ол қос бағдарлама бойынша 252.09 ұпай жинады. Қола медаль швед Александр Майоровқа (246.56 ұпай) бұйырды. Жарыс жеңімпаздарын Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек марапаттады.

Еркін бағдарлама кезеңіне өткен қазақстандық Абзал Рақымғалиев қос бағдарлама бойынша 204.23 ұпаймен 12-орынды қанағат тұтты.