Денис Тен жүлдеге іліге алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Денис Тен жүлдеге іліге алмады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Тайпэйде өткен төрт құрлықтың дүлдүлдері бақ сынаған додада үштікке ене алмады. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев 15-ші орыннан көрінді.

БӨЛІСУ

20 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы еркін және қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша барлығы 226.37 ұпай жинап, қорытындысында төртінші орынға табан тіреді. Жарыс жеңімпазы болып жапондық мәнерлеп сырғанаушы Такахито Мура танылды. Ол барлығы 242.56 ұпай жинады. Одан кейінгі орындардан тағы бір жапондық Такахико Кодзука (236.38 ұпай) көрінсе, үштікті қытай Сун Нань (236.09) қорытындылады.

Естеріңізге сала кетсек, Тайпэйде өткен дода 1999 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған Еуропа елдерінен өзге Америка, Азия, Африка және аралдық мемлекеттер спортшылары бақ сынайды. Ал жақында өтетін Сочи Олимпиадасында да ел намысын Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қорғайтын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: art.gazeta.kz