Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Парижде өтіп жатқан «Trophée de France» халықаралық Гран-При турнирінде қысқа бағдарлама бойынша үшінші орында келеді.
Денис Тен бұл бәсекеде 89,21 балл жинап үздік үштікті түйіндеді. Әзірге көш басында 96,57 балл жинаған испандық Хавьер Фернандес келеді. Одан кейін 92,85 балға ие болған америкалық Натан Чен келеді.
Франциядағы жарысқа үздік 11 мәнерлеп сырғанаушы қатысып жатыр. Олардың қатарында америкалық Адам Риппон, жапон Такахито Мура, ресейлік Артур Дмитриев, испаниялық Хавьер Фернандес т.б. бар.
Жарыс 13 қарашаға дейін созылады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсетеді. Бүгін түнде отандасымыз еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.