Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Парижде өткен «Trophée de France» халықаралық Гран-При турнирінде күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы кеше өткен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 89,21 ұпаймен үшінші орынға табан тіреген еді. Еркін бағдарламада Денис 180.05 ұпай жинады. Нәтижесінде қоссайыс бойынша 269,26 ұпаймен күміс медальды қанағат тұтты. Алтын медаль испаниялық спортшы Хавьер Фернандеске бұйырды. Ол қоссайыста 285,38 ұпай жинады. Қола медальды 267,53 ұпай иеленген АҚШ спортшысы Адам Риппон иеленді.
Айта кетейік, бұл күндері қазақстандық спортшының ресейлік маман Николай Морозов жаттықтырып жүр.