Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 16-орын алып, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
БӨЛІСУ
Денис қысқа бағдарламада 90,18 ұпай жинап, 9-орынға тұрақтаған еді. Алайда еркін бағдарламада отандасымыз өз жаттығуларын толықтай сәтті орындай алмады. 144,13 ұпайға ие болып, 16-орынды қанағат тұтты. Егер Денис ондыққа енгенде Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға ерлер арасында Қазақстаннанкі мәнерлеп сырғанаушы қатысқан болар еді.
Айта кетейік, кеше Элизабет Тұрсынбаева 9-орын алып, қыздар арасындағы жекелей сынға екі жолдама жеңіп алған болатын.