Алматыда өтіп жатқан ХХVIII Универсиада ойындарында шорт-тректен 1000 метрге ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Бұл бәсекеден Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.
БӨЛІСУ
Шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа сынға түскен спортшылар арасында корей жігіті Лим Кён Вон 1:28.024 уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды да корей жігіті Пак Чжи Вон (+0.027) жеңіп алды. Ал үздік үштікті қазақстандық спортшы Денис Никиша түйіндеді. Отандасымыз көшбасшыдан +0.165 секунд уақытқа қалып қойды. Сайыстың финалына шыққан екінші отандасымыз Айдар Бекжанов төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, кеше Денис Никиша 500 метр қашықтықта да қола жүлдегер атанған болатын.