BBC журналисті Бен Смит өзінің Туиттердегі микроблогында мёнхенгладбахтық «Боруссия» шабуылшысы Люк де Йонгтің «Ньюкасл» клубына қабылданар алдындағы медициналық тексерістен сәтті өткендігін хабарлады. Ал арада бірнеше сағат өткеннен кейін ағылшын клубы голландиялық футболшының клубың ресми ойыншысына айналғандығын мәлімдеп үлгерді.
«Сент-Джеймс Прак» стадионына Люк де Йонг маусым соңына дейін жалға беріліп отыр. Клубтар арасындағы келісім-шарт бойынша, «сауысқандар» футболшыны жаз маусымы кезіндегі үзілісте сатып алса да болады. Жаңа клубы қатарында Люк де Йонг алаңға 18-ші нөмірмен шықпақ. Ол алдағы сенбі күні «Сандерлендпен» болатын матч кезінде алғаш рет «Ньюкасл» қатарында алаңға шығуы ықтимал.
«Ньюкасл – тамаша клуб, өзімді бұл жерде жақсы сезінемін, - деп жазады Де Йонг сөзіне сілтеме жасаған клубтың ресми сайты. – Мені команданың жаттығу базасы мен стадионы да қатты таң қалдырды. Оның үстіне барлығы мені жылы жүзбен қарсы алды».
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: sportni.bg