Дәурен Абаев: Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Дәурен Абаев: Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі
Фото ©️ Massaget.kz

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жерлесіміз Қанат Исламның бүгінгі жекпе-жегін қолдауға шақырды. 

БӨЛІСУ

"Қымбатты достар!

Талантты боксшымыз Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі. Оның өзге елдегі зор мүмкіндіктерден бас тартып, атажұртына оралуын, сонымен қатар еліміздің атағын шығаруға талпынуын үлкен азаматтық деп білемін.

Осындай намысты жігіттеріміздің арқасында Қазақстан әлемге танылуда. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтына, спортқа құлшынуда.

Осының барлығы - биыл 25 жылдығын атап өткелі отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі.

Қанатқа және осы кеште бақ сынайтын басқа да боксшыларымызға сәттілік тілеймін!

Бүгін баршамыз бір кісідей спортшыларымызға қолдау көрсетейік", деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам мен ганалық Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек бүгін Алматыда өтеді. Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Жекпе-жек Астана уақытымен кешкі сағат 18:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді.