Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде жарыс жолына шыққан Дастан Ықыбаев бірінші айналымнан өте алмады. 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз чех спортшысы Якуб Ячменекке ұтылды.
Бүгін ерлер арасында 73 келіге дейінгі, ал әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады. Әйелдер арасында қазақстандық спортшы жоқ болса, ерлер бәсекесінде Дастан Ықыбаев қана белдесуге шыққан болатын. Отандасымыз чех спортшысына иппонмен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарыстың үшінші күні де жүлдесіз қалды. Кеше Елдос Жұмақанов бесінші орынды місе тұтқан еді.
Екі күн қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы бірінші орында келеді. Олардың еншісінде 1 алтын 1 күміс 2 қола жүлде бар. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 күміс медаль және бір 5-ші орын нәтижесімен екінші орында тұр. Үштікті әзірге Оңтүстік Корея құрамасы (1 алтын, 2 қола) түйіндеуде.
Nation | 1stplace | 2ndplace | 3rdplace | 5thplace | 7thplace | ||
1. | Japan (JPN) | 1 | 1 | 2 | 0 | 0 | |
2. | Kazakhstan (KAZ) | 1 | 1 | 0 | 1 | 0 | |
3. | Korea, South (KOR) | 1 | 0 | 2 | 0 | 1 | |
4. | Argentina (ARG) | 1 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
5. | Romania (ROU) | 0 | 1 | 0 | 0 | 1 | |
5. | Russia (RUS) | 0 | 1 | 0 | 0 | 1 | |
7. | Brazil (BRA) | 0 | 0 | 1 | 2 | 0 | |
8. | Uzbekistan (UZB) | 0 | 0 | 1 | 0 | 1 | |
9. | Belarus (BLR) | 0 | 0 | 1 | 0 | 0 | |
9. | Israel (ISR) | 0 | 0 | 1 | 0 | 0 | |
11. | Mongolia (MGL) | 0 | 0 | 0 | 2 | 1 | |
12. | Italy (ITA) | 0 | 0 | 0 | 1 | 1 | |
13. | Turkmenistan (TKM) | 0 | 0 | 0 | 1 | 0 | |
13. | Ukraine (UKR) | 0 | 0 | 0 | 1 | 0 | |
15. | Germany (GER) | 0 | 0 | 0 | 0 | 1 | |
15. | Hungary (HUN) | 0 | 0 | 0 | 0 | 1 |
Айта кетейік, Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар тарататын әлем чемпионатына 137 елдің спортшылары қатысуда. Барлығы 823 спортшы (495 ер, 328 қыз) бақ сынап, жеңімпаздарды анықтауда. Дүбірлі дода 30 тамызға дейін жалғасады.