Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі қарсыласын хабарлады. Отандасымыз экс әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады.
Бокс кеші 17 сәуір күні Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтеді. Тікелей көрсетілімді DAZN стримингтік сервисі таратады. Басты жекпе-жекте америкалық боксшылар Реджис Прогрейс (24-1, 20 КО) пен Морис Хукер (27-1, 18 КО) кездеседі.
Даниярдың қарсыласы атанған намибиялық боксшы – 37 жаста. Бірінші жартылай орта салмақта үш нұсқа бойынша (IBF, IBO және WBA (Super)) әлем чемпионы болған. 2017 жылдың тамыз айында абсолютті әлем чемпионы атағы жолында америкалық Теренс Кроуфордпен (36-0, 27 КО) жұдырықтасып, алғаш рет жеңілген.
???????????????? ???????????????????? ???? #PrograisHooker
???? @Filip_Hrgovic vs @JerryForrestKO (???? WBC International Heavyweight Title)
???? Daniyar Yeleussinov vs @JuliusIndongo
???? @raysavage856
???? @MGMNatlHarbor, Oxon Hill, MD
???? Friday April 17
???? On sale now https://t.co/qAaqaM5eHe pic.twitter.com/n5vDIo8kOi — Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) March 9, 2020
2018 жылдың наурыз айында америкалық Реджис Прогрейстен ұтылған. Ал өткен жылдың тамызында Карлтавиус Джонсонды (4-2) жеңген.
Данияр Елеусінов шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шыққан. Америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шықты.