Дана Уайт қазақстандық нокаутшыға UFC-мен келісімшартты жеке өзі табыс етті

Manas Корреспондент
Manas >
Дана Уайт қазақстандық нокаутшыға UFC-мен келісімшартты жеке өзі табыс етті
Фото ©️ YESNetwork видеосынан скрин

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Дияр Нұрғожайға ұйыммен келісімшартты жеке өзі табыс етті. 

БӨЛІСУ

Дияр Лас-Вегаста өткен Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) сегізінші маусымындағы турнирдің екінші раундында польшалық Бартош Шевчикті нокаутқа түсірді. 

"Басқа тепкен керемет хайкик! 10 жеңіс, 27 жаста, 6 нокаут, 2 сабмишен. Ол UFC-дің жартылай ауыр дивизионын толықтырады. Сахнаға көтеріл!" – дейді Уайт.