«Дакар» ралли марафоны биыл да әдеттегідей қиындыққа толы болды. Біздің экипаж қозғалтқыштың ақауына байланысты тұңғыш рет мәреге жете алмай қалды, деп жазады inform.kz Astana Motorsports командасының экипажы - Nissan Patrol жолсызбен жүретін көлігінің жүргізушісі Денис Березовскийге сілтеме жасап.
БӨЛІСУ
Жарыс барысында Денис Березовскийдің экипажы техникалық себептермен жарыс жолынан шығып қалған болатын.
«Халықаралық турнирлерге қатысып жүріп, соңғы он жыл ішінде тұңғыш рет осындай жағдайға тап болдық. Өте өкінішті. Біз, әсіресе осы автокөлікке көп үміт артып едік. Бірақ, екінші күні жолсызбен жүретін автокөліктерге арналған 518 шақырымдық учаскеде автокөлік істен шықты», - деді Д. Березовский.
Оның айтуынша, жарыс барысында қозғалтқыштың ауа сүзгіші ұсақ шаң-тозаңның салдарынан істен шыққан. Шаң-тозаңды мөлшерден тыс «жұтып» қойған автокөлік 420 шақырым жүрген соң тоқтап қалған.
«Біз, әрине бұл жағдайдан тиісті қорытынды шығардық. Алдағы жарыстарда мұндай жағдай қайталанбайды деген үміттеміз. Биылғы жылдың жоспары белгіленіп те қойылды. Енді, алдағы ақпан айында ралли марафоннан Ресейде өтетін Әлем Кубогына, одан кейін, Біріккен Араб Әмірлігі, Мысыр және Катарда өтетін халықаралық жарыстарға барамыз. Оларға да осы «Ниссан» көлігімен қатысамыз» - деді Д. Березовский.
Айта кетелік, жарысқа қатысушылар 14 күн ішінде Аргентина, Чили және Боливия жерімен тоғыз мың шақырымнан астам қашықтықты басып өткен. Бұл марафонға Astana Motorsports командасының төрт экипажы қатысты.