Чили ұлттық құрамасы мен испандық «Реал Сосьедад» командасының қақпашысы Клаудио Браво каталондық «Барселона» командасының қатарын толықтырды. Бұл туралы sport.es сайты ақпарат таратып отыр.
Испандық сайт мәліметі бойынша, «блауграна» ресми түрде қақпашымен келісімге келген. Трансфер құны 12 миллион еуроны құрап отыр. Енді Клаудио Браво осыған дейін «Барселона» қатарын толықтырған Марк-Андре тер Штегеннен кейінгі орынды иеленеді.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа ғана Чили құрамасы Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Испанияны жеңген болатын. Бравоның да өз қақпасын қорғауда белсенділігі басым болды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: goal.net.ua