Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшысы Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты әзілі үшін қандай шара қолданылғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыдағы Словениямен ойыннан кейін ресейлік маман "қалжыңдамақ болған". Журналистердің бірі сұрақты қазақша қойды, ал Черчесов: "Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?" деп қарсыласты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бәрменқұлов Черчесовке мемлекеттік тілді құрметтеудің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаттықтырушыға айыппұл салынғанын айтты.
"Қателік кетті, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтің әзілі, әрине, шектен шықты. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды, - деді Бәрменқұлов.
Айта кетейік, Черчесовтің жетекшілігімен ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, оның біреуі тең аяқталып, үшеуінде жалпы 0:8 есебімен жеңілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!