Черчесов алғаш рет арты дауға ұласқан жауабына қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Черчесов алғаш рет арты дауға ұласқан жауабына қатысты пікір білдірді
Фото ©️ ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "СЭ"-ге берген сұхбатында баспасөз мәслихатында қазақстандық журналиске берген жауабында қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Көпшілік алдында сөйлеген сайын не айтқым келетінін білемін. Әзілімді түсінбесе - дұрыс емес болды деген сөз", - деді Черчесов.

Айта кетейік, Словениямен ойыннан кейін ресейлік маманға журналистердің бірі қазақ тілінде сұрақ қойған еді, ал Черчесов "француз тілінде сөйлеп жатсың ба?" деп жауап қатты.

Кейін Черчесовке 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!