Жаңа ғана Швецарияның Ньон қаласында футболдан Еуропаның басты бәсекелерінің бірі – Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Нәтижесінде 1/8 финалда кездесетін командалар анықталды.
«ПСЖ» (Франция) - «Челси» (Англия)
«Манчестер Сити» (Англия) - «Барселона» (Испания)
«Байер» (Германия) - «Атлетико Мадрид» (Испания)
«Ювентус» (Италия) - «Боруссия дортмунд» (Германия)
«Шальке – 04» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания)
«Шахтер Донецк» (Украина) - «Бавария» (Германия)
«Арсенал» (Англия) - «Монако» (Франция)
«Базель» (Швейцария) - «Порту» (Португалия)
2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші кездесулері 17-18 ақпан мен 24-25 ақпанда өтсе, қарымта ойындары 10-11 наурыз бен 17-18 наурыз күндері өтеді. Ал финал болса Берлиндегі Олимпиадалық стадионда өтеді.
Сурет: vk.com