"Астана" футбол клубы 2017/2018 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Сондай-ақ жеребе тастау рәсімінде «қауқарлы» командалар қатарында болады.
Чемпиондар лигасының жеребе тастау рәсімі 19 маусым күні өтеді. Рейтингі жоғары командалар себетінде болатын елордалық команда өзінен бір бас төмен саналатын ұжымдардың бірімен кездеседі. Қазіргі таңда "Астанаға" қарсылас атануы мүмкін командалар анықталып үлгерді. Олар:
— "Жилина" (Словакия);
— "Жальгирис" (Литва);
— "Дандолк" (Ирландия);
— "Вардар" (Македония);
— "Ф91 Дюделанж" (Люксембург);
— "Кукеси" (Албания);
— "Зриньски" (Босния и Герцеговина);
— "Будучность" (Черногория);
— "Гонвед" (Венгрия);
— "Мариехамн" (Финляндия);
— "Спартак" (Юрмала, Латвия);
— "Самтредиа" (Грузия);
— ТНС (Уэльс)*;
— "Линфилд" (Солтүстік Ирландия)*;
— "Викингур" (Исландия)*;
— "Хибернианс" (Мальта)*;
— ФК "Санта Колома" (Андорра)*;
— "Алашкерт" (Армения)*;
— "Ла Фиорита" (Сан-Марино)*;
— "Европа" (Гибралтар)*;
— "Инфонет" (Эстония)*;
— "Трепча’89" (Косово)*.
* - бұл командалар бірінші іріктеу кезеңінен өтсе қарсылас атанады.
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойындары 11/12 шілде, қарымта ойыны 18/19 шілдеде өтеді.