Футболдан Еуропаның басты бәсекелерінің бірі – Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарсыластар анықталды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен салтанатты шарада 2013/2014 жылғы маусымның финалында ойнаған мадридтік "Реал" мен "Атлетико" қарсылас атанды.
Жеребе қорытындысы төмендегідей:
"ПСЖ" (Франция) - "Барселона" (Испания)
"Атлетико М" (Испания) - "Реал Мадрид" (Испания)
"Порту" (Португалия) - "Бавария" (Германия)
"Ювентус" (Италия) - "Монако" (Франция)
Ширек финалдағы бірінші ойындар 14-15 сәуірде болса, қарымта кездесулер араға бір апта сала жартылай финалға шыққандарды анықтайды. Ал 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 6 шілдеде Берлиндегі «Олимпиштадионда» өтеді.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз
«Барселона» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)
Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)