Чемпиондар лигасы. «Шахтердың» ендігі қарсыласы «Скендербеу»

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Чемпиондар лигасы. «Шахтердың» ендігі қарсыласы «Скендербеу»

Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне өткен қарағандылық «Шахтер» командасының қарсыласы белгілі болды. Ол әзірбайжандық "Нефтчиді" тізе бүктірген албан чемпиондары "Скендербеу" командасы. Аталған футбол ұжымы соңғы үш жылда Албания чемпионатының биігін бағындырған екен.

БӨЛІСУ

"Нефтчи" мен "Скендербеу" арасындағы ойынға букмекерлік орталықтар әзірбайжандық команданың жеңіске жететініне күмән келтірмеген-ді. Алайда албаниялық команданың ойыншылары қосымша уақыт аяқталар тұста жеңісті жұлып әкетті. Албандар сапынан жеңіс голын салған Орелеси болды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше «кеншілер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков үшінші іріктеу сынындағы клубтың кездесуі Астана қаласында өтетінін мәлімдеген болатын. Мұны жергілікті футбол алаңының УЕФА стандарттарына сай келмеуімен түсіндірген-ді. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулері 30-31 шілдеде, ал қарымта кездесулер 6-7 тамыз күндері ойналады. «Шахтер» алғашқы кездесуін «Астана аренада» өткізеді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: sports.kz