Чемпиондар лигасы. Роналду Рауль рекордын қайталады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Чемпиондар лигасы. Роналду Рауль рекордын қайталады

Футболдан Чемпиондар лигасының V тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға кездесулерге шолуымызды ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«А» тобының екінші үздігі анықталған жоқ

Пирейдің «Олимпиакосын» ойсырата жеңген мадридтік «Атлетико» плей-оффқа жолдама алды. Туриндік «Ювентус» болса Швецияда «Мальмеден» басым түсіп, маңызды 3 ұпайларын қанжығаларына байлады. Нәтижесінде топтағы екінші жолдама иегері мен Еуропа лигасына қатысатын команда соңғы турда белгілі болады.

Бүгін Марио Манджукич ерекше ойынымен көзге түсті. «Олимпиакос» қақпасына үш гол тоғытса, бір допты Рауль Гарсия өз еншісіне жазды.

Швециядағы ойында Карлос Тевес пен Фернандо Льоренте гол соқты.

"A" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай    
1.    Атлетико М 5 4 0 1 14:3 12
2.    Ювентус 5 3 0 2 7:4 9
3.    Олимпиакос     5 2 0 3 6:11 6
4.    Мальме 5 1 0 4 2:11 3

 

«В» тобы. «Ливерпульде» әлі мүмкіндік бар

Мадридтік «Реал» - топтық кезеңде ұпайдан шашау шығармаған жалғыз ұжым. Бес кездесуде де жеңіске жетті. V турда «корольдік клубқа» жеңіс сыйлаған голды Криштиану Роналду соқты. Қорытындысында Чемпиондар лигасында соққан голдарының саны бойынша бұрынғы команда ойыншысы Раульмен теңесті. Ал мұндағы рекорд 74 голмен Месси пайдасында.


Болгарияда тағы бір кішігірім сенсация орын алды десек қателеспейміз. Жергілікті «Лудогорец» «Ливерпульмен» тең ойнады. Десе де соңғы ойындары сын көтермей жүрген Брендан Роджерс командасының топтан шығуына әлі мүмкіндік бар. Ол үшін соңғы турда өз алаңында «Базельден» айқын басым түсулері керек.

"В" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең         Жеңіліс         Голдар         Ұпай   
1.    Реал 5 5 0 0 12:2 15
2.    Базель 5 2 0 3 6:7 6
3.    Ливерпуль 5 1 1 3 4:8 4
4.    Лудогорец      5 1 1 3 5:10 4

 

«С» тобындағы плей-офф жолдамасы соңғы турға қалды

Ресейлік «Зенит» өз алаңында «Бенфиканы» жеңіп жағдайын жақсартқанмен, ойда-жоқта «Монако» Леверкузенде жергілікті «Байерден» басым түсті. Нәтижесінде бұл топтағы плей-оффқа берілер екі жолдама мен Еуропа лигасына берілер мүмкіндік соңғы турда шешілетін болды. «Монако» өз алаңында «Зенитті» қабылдаса, «Байер» Лиссабонда қонақта болады.

«Зенитке» жеңіс сыйлаған голды Данни соқты.

Феррерйра-Каррасоны алмастырған Окампос Лукас «Байерды» сан соқтырып кетті.

"C" тобы     Ойын        Жеңіс         Тең        Жеңіліс         Голдар         Ұпай   
1.    Байер 5 3 0 2 7:4 9
2.    Монако 5 2 2 1 2:1 8
3.    Зенит 5 2 1 2 4:4 7
4.    Бенфика     5 1 1 3 2:6 4

 

«D» тобының «тағдыры» шешілді

Өз алаңында дортмундтық «Боруссиядан» басым түскен лондондық «Арсенал» топтағы екінші жолдаманы иеленді. Ал Юрген Клопп шәкірттері болса плей-офф кезеңіне ІV турдан кейін-ақ шығып қойған болатын. Енді «Арсенал» мен «Боруссия» VI турда бірінші орын үшін ғана ұпай алуға асығары анық. Ал v турда бұл топтағы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған команда белгілі болды. Ол – бельгиялық «Андерлехт». Стамбулдық «Галатасарай» үшін бір ойыннан кейін 2014/2015 жылғы еурокубок маусымы аяқталады.

«Канонирлер» сапынан Яя Саного мен Алексис Санчес белсенді.

Кансель Мбемба дубль орындап, «Андерлехтке» жеңіс сыйлады

"D" тобы     Ойын         Жеңіс         Тең        Жеңіліс        Голдар        Ұпай   
1.    Боруссия Д 5 4 0 1 13:3 12
2.    Арсенал 5 3 1 1 11:7 10
3.    Андерлехт 5 1 2 2 7:9 5
4.    Галатасарай      5 0 1 4 3:15 1

 Сурет: өңделген, sports.ru