УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 жылғы маусымын Португалияның Лиссабон қаласында өткізеді. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.
БӨЛІСУ
Еуропаның басты футбол додасы төрттік финал форматында жалғасады. Барлық матчтар бір қалада өтеді. Бұған дейін мини-турнирді өткізуге Франкфурт пен Мәскеу ұсыныс жасаған. Ресей астанасында коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге артып жатқандықтан, ал Германияда неміс командалары басымдық алатындықтан таңдау Португалияға түсті.
Мини-турнир өтетін қаланы УЕФА 17 маусым күні ресми хабарлайды. Жарыс ширек финалдан басталып, төрт стадионда өтеді. Жеңімпаздарды бір ғана матч шешеді.