Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы кездесулер Тито Виланова мен Вуядин Бошковтың дүниеден озуына байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталатын болды.
Жартылай финалдағы "Челси" - "Атлетико" және "Бавария" - "Реал" қарымта кездесулерінің алдында стадиондағы үлкен экраннан дүниеден озған екі бапкерді еске алуға арналған бейнебаян көрсетіледі. Ал футболшылар қаралы белгімен ойнайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, Тито Виланова жұма күні қатерлі ісік ауруынан 46 жасында дүниеден озған болатын. «Барселона» футбол мектебінің түлегі саналатын бапкер Хосеп Гвардиоланың көмекшісі қызметін, содан соң 2012/2013 жылғы маусымда каталондық клубтың тізгінін де ұстаған-ды. Кеше бапкерді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне 53 мыңға жуық адам жиналды. Ал білікті бапкер Вуядин Бошков кеше 82 жасқа қараған шағында дүние салды. Еуропаның бірнеше топ-клубтарында өнер көрсеткен. 2000 жылы Югославия құрамасының бапкері қызметінде жүріп, Еуропа чемпионатының ширек финалына дейін жеткен.
Чемпиондар лигасының қарымта кездесуі 30 сәуір күні "Бавария" - "Реал" , 1 мамыр күні "Челси" мен "Атлетико"арасында өтеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай