Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдындағы болжамдар

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдындағы болжамдар

Стамбұл, 26 ақпан

БӨЛІСУ

"Тюрк Телеком Арена", 01:45

Бас қазы: Карлос Веласко Карбальо (Испания)

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында ағылшын мен түрік клубтары арасында алғашқы қақтығыс орын алмақ. Галатасарай – Челси арасындағы ойынға тоқтала отырсақ...

"Галатасарай"


Өткен маусымда Роберто Манчини "Манчестер Ситидің" бас бапкері болып тұрған уақытта "Челсимен" кездескені белгілі. Сол себепті, италиялық маман үшін "лондондық ақсүйектердің" ойын мәнері құпия емес. Бұл тұста бір заманда "Челсиде" атақ-даңққа бөленген, қазіргі уақытта өз командасының көшбасшы ойыншысына айналған Догбаның да Жозеге тосын сый болмасы анық. 

Стамбұлдықтардың ойыншыларына келсек, олар осы уақытта тамаша қалыптарында жүр. Өткен турда "Бешикташ" (1:0) командасын аз есеппен болса да тізе бүктірген болатын. "Галатасарай" сол жеңісінен кейін "Фенербахчеге" бір табан жақындай түсті.  

"Челси"


Лондондықтар Англия Премьер-лигасында бірінші орынға жайғасып келеді. Жозе Моуриньюдің тәлімгерлерінің дәл қазіргі уақытта аяқ алыстары жаман емес. Желтоқсанның басында бір сүрінгеннен кейін, осы уақытқа дейін Челси 12 ойын өткізіп, оның үшеуі ғана тең есеппен аяқталып, қалғаны "ақсүйектердің" жеңісімен болып отырыпты. 

Шыны керек, соңғы турларда "Челси" шаршаңқырап қалған секілді. Сырт алаңда "Вест Бромвичпен" тең есеппен ойнап қалса, өз алаңында "Эвертонды" зорға жеңген болатын. Оған қоса, "Манчестер Ситиге" жеңіліс пен Англия Кубогі жолында жарыстан шығып қалу команда психологиясына кері әсер етіп жатқан секілді.

Галатасарай  өткен жылы плей-офф кезеңінде жақсы ойын өрнегімен есте қалған-ды. Мадридтік "Реалға" 1/4 финалда жеңіліп қалғанмен, "арыстандар" қарымта ойында испандықтарды тұралатып тастап еді. Тек, бүгін оларға қарсы ойында мықты бір ұжым ғана емес, әлемдегі ең алдыңғы орында тұрған біріншіліктің көш басындағы лондондық "Челси" кезікпек.

Мамандар "ақсүйектердің" жеңіске жететінін, бірақ, қиынға түсуі мүмкін екенін айтуда.  Алғашқы қырық бес минуттықта гол соғылады деп тәуекел етіп көрсеңіз болады. 

Галатасарай (күтілген құрам): Муслера — Сабри, Кайя, Шейджу, Алекс Теллес — Фелипе Мело — Инан, Гюлселам — Снайдер — Дрогба, Б.Йилмаз

Челси (күтілген құрам): Чех — Иванович, Кахилл, Терри, Аспиликуэта — Давид Луис, Рамирес — Азар, Оскар, Виллиан — Это'О

Жарақаттанып қалғандар: А.Йилмаз (белгісіз) — Оскар (белгісіз),  ван Гинкель

Жозе Моуринью, «Челсидің» бас бапкері: «Біздердің турнир үздігі емесіміз анық. Бірақ, менің ойымша, ширек финалдың асуы алынғанда бәрі де болуы мүмкін. Сол себепті де, осы кезең қай клуб үшін болмасын үлкен маңызға ие, өйткені, ширек финалда кез келген командада, тіпті, ол ертеректе үміткер болмаса да, ішкі сенім туындауы мүмкін.

Роберто Манчини, «Галатасарайдың» бас бапкері: «Қазіргі уақытта «Галатасарайдың» "Челси" алдында мүмкіндігі аз, үйде өтсе де. Бұл мықтылығы басым команда, Еуропадағы ең үздік ұжым саналады. Бірақ, біздер үшін "Челсимен" жай ғана ойын өткізу маңызды - жауапты сәт, сол үшін де біздер шығуымыз тиіс және өз жұмысымызды жақсы атқара алғанымыз абзал».

Дидье Дрогба, «Галатасарайдың» шабуылшысы: "«Челси» «Галатасарайдан» он есе мықтырақ. Бірақ, мен әр уақытта жеңіс үшін ойнаймын. Осы күні де жеңіс үшін ойнайтын боламын. Түсінемін, әрине, қиынға соғары анық, алайда  «Ювентус» бізден мықтырақ болып көрінген еді. Футбол алаңында кез келген нәрсенің орын алуы мүмкін, күтілмеген нәрсе де. Егер бізде жеңіске сәл де болса мүмкіндік туып жатса, сол үшін жан аямасқа әзірмін".

– «Челси» мен «Галатасарай» Чемпиондар Лигасының 1999-2000 маусымында кездесіпті. Сол уақытта лондондықтар өз үйінде 1:0 есібімен жеңіске жетіп, сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырата ұтыпты. 

– Өз кезегінде, бұл жеңіліс «Галатасарайға» өз тарихында ең ауыр жеңіліс екен. Өткен маусымда «Реалға» 1:6 есебімен есе жіберіп, ащы жеңіліс дәмін қайталапты. 

– «Челси» Чемпиондар Лигасының плей-оффтық кезеңінде түрік клубтарына қарсы бір жолы ғана жолығысқан. 2007/08-маусымда "ақсүйектер" «Фенербахчені» айналып өте алған екен (1:2, 2:0).

– Роберто Манчини Жозе Моуриньюдің командасын әлі бірде-бір рет жеңіп көрмепті – екі тең есеп пен екі жеңіліс.

– «Галатасарай» өз тарихында екінші рет Чемпиондар Лигасының финалдық бөлігіне өтіп отыр.

– Дидье Дрогба (42) мен Самюэль Это’О (29) - Чемпиондар Лигасындағы ең үздік африкалық сұрмергендер.

Басымдылықты бір командаға бермей тұрып, "Шалькенің" "Реал" алдында барын салуға тырысатынын ұмытпайық. Йенс Келлердің командасы осыған дейін бундеслиганың бес ойынының төртеуінде жеңіске жетіп келіпті.

Неміс клубы 1/8 финалға сақадай-сай әзірлікпен келіп отыр екен. Келлер алаңға бірінші минуттардан соңғы уақыттарда ойнап келген ойыншыларды шығаруы мүмкін. Дракслер сауығып, қатарға қайта қосылғанымен, бірінші минуттардан қосыла қоймасы анық. Бір ауыс-түйіс болса, оң жақ қапталдағы осалдық танытуы мүмкін Хоогландтың орнына Хеведес, не болмаса Утиданы шығаруы мүмкін. 

"Реал" сапына Криштиану Роналдудың қайтар оралуы қуантарлық жаңалық. Португалдық ойыншы Примерада үш ойыннан шеттетілген болатын.  Дегенмен, команда басты сұрмергенсіз-аз берілген тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырып келді.

Португалдық ойынды сағынып қалғандықтан, бүгінгі ойынға ашығып шығатыны анық. Сонымен бірге, "Эльчеге" қарсы ойында сары қағазға байланысты алаңға шықпаған Модрич негізгі құрамнан орын алмақ. Сонымен бірге, кубоктік ойындарда "Реал" қақпасын Касильяс күзететінін ұмытпайық. 

Шальке (күтілген құрам): Ферманн — Хоогланд, Матип, Фелипе Сантана, Колашинац — Нойштедтер, Боатенг — Фарфан, Майер, Горетцка — Хунтелаар

Реал (күтілген құрам): Касильяс — Карвахал, Пепе, Серхио Рамос, Марсело — Хаби Алонсо, Модрич, Ди Мария — Бэйл, Бензема, Роналду

Жарақаттанып қалғандар: Утида (белгісіз), Аого, Хегер, Киркофф — Хедира

Йенс Келлер, "Шалькенің" бас бапкері:

"Реал" – дәл қазіргі уақытта "Бавариядан" кейінгі орындағы планетадағы ең мықты команда. Оның әрбір бөлігіне таңдаулы делінген орындаушылар жинақталған. Сол себепті бұл ойын оңайға соқпасы анық. Алайда, біз өз алаңымызда ойнағандықтан, өзімізді көрсетуіміз тиіс және тасада қалуға тырыспаймыз. Жетістікке жету үшін әрбір ойыншы өз хал-қадерінше ойнауы тиіс. Осылай ғана тосын сыйға жол ашылуы мүмкін".  

Карло Анчелотти, "Реалдың" бас бапкері:

"Ойыншыларыма көп нәрсені түсіндіріп жатудың еш мағынасыз екенін білемін - олар онсыз да барлық турнирде топ жарғысы келеді. Дәл қазіргі уақытта менің командам жақсы қалыпта, бірақ жалғаса беруі үшін әрбір ойынға жүйелеп дайындалған ләзім". 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.ru; footballtop.ru