Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталды. Топтағы бірінші ойында қазақстандық клубтың бірі ұтып, бірі ұтылды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып жатқан "Семей" жарысты сәтсіз бастады. Бірінші ойында Португалияның "Спортинг" командасына жол берді. Лиссабондық ұжым 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпайды иеленді.
"Қайрат" командасы Венгрияның "Халадаш" клубымен кездесті. Ойында алматылық ұжым айқын басымдық танытып, қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ертең "Қайрат" пен "Семей" өзара кездесіп, 3 ұпайды сарапқа салады. Топтан 3 команда элиталық кезеңге жолдама алады.