"Бавария" футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовский Чемпиондар лигасы тарихында ең жылдам покер жасаған футболшы атанды. Түнде өткен "Црвена Звезда" клубына қарсы ойында ол 4 голды 14 минут ішінде салып үлгерді.
Белградта өткен ойында мюнхендік клуб алаң иелерін 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Роберт Левандовский 53 пен 68-ші минуттар аралығында гол соқты. Төрт гол соғуына 14 минут 31 секунд жеткілікті болды. Ал қалған екі голдың бірін Леон Гортцка, екіншісін Корентен Толиссо соқты.
Осыған дейін ең жылдам соғылған покер рекорды Луис Адрианоға тиесілі еді. Ол 2014 жылы БАТЭ қақпасына 4 голды 16 минут ішінде соқққан еді.
Чемпиондар лигасында ең жылдам покер жасаған футболшылар
Уақыты |
Футболшы |
Клуб |
Қарсыласы |
Минут |
---|---|---|---|---|
26.11.2019 |
Роберт Левандовски |
Бавария |
Црвена Звезда (г) — 6:0 |
15' |
21.10.2014 |
Луиз Адриану |
Шахтер |
БАТЭ (г) — 7:0 |
16' |
08.12.2015 |
Криштиану Роналду |
Реал |
Мальме (д) — 8:0 |
20' |
05.11.2003 |
Дадо Пршо |
Монако |
Депортиво (д) — 8:3 |
23' |
13.03.2012 |
Марио Гомес |
Бавария |
Базель (д) — 7:0 |
23' |
07.12.2011 |
Батефимби Гомис |
Лион |
Динамо З (г) — 7:1 |
25' |
25.11.1992 |
Марко ван Бастен |
Милан |
Гетеборг (д) — 4:0 |
29' |
07.03.2012 |
Лионель Месси |
Барселона |
Байер (д) — 7:1 |
33' |
Роберт Левандовский осы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 10 гол соғып, үздік сұрмергендер көшін бастап келеді. Сондай-ақ топтық кезеңдегі бес ойында да гол соғып келеді. Бұған дейін топтық кезеңде бес ойын қатарынан Дель Пьеро, Ребров, Роналду және Неймар ғана гол соққан.
Топтық кезеңде 15 ұпай жинаған "Бавария" плей-оффқа жолдама алды.
Cондай-ақ "Бавария" бақ сынап жатқан "В" тобында екінші жолдаманы "Тоттенхэм" еншіледі. Бесінші турда лондондық клуб "Олимпиакосты" 4:2 есебімен ұтты.
Түнде өткен V тур ойындарының нәтижелері:
"А" тобы
"Галатасарай" (Түрция) - "Брюгге" (Бельгия) – 1:1
"Реал" (Испания) - ПСЖ (Франция) – 2:2
"В" тобы
"Црвена Звезда" (Сербия) - "Бавария" (Германия) – 0:6
"Тоттенхэм" (Англия) - "Олимпиакос" (Грекия) – 4:2
"С" тобы
"Аталанта" (Италия) - "Динамо Загреб" (Хорватия) – 2:0
"Манчестер Сити" (Англия) - "Шахтер" (Украина, Донецк) – 1:1
"D" тобы
"Локомотив" (Ресей) - "Байер" (Германия) – 0:2
"Ювентус" (Италия) - "Атлетико" (Испания) – 1:0