УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2019/20 жылғы Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды.
Жеребе нәтижесі мынадай:
"Реал" (Испания) / "Манчестер Сити" (Англия) — "Лион" (Франция) / "Ювентус" (Италия)
"РБ Лейпциг" (Германия) — "Атлетико" (Испания)
"Наполи" (Италия) / "Барселона" (Испания) — "Челси" (Англия) / "Бавария" (Германия)
"Аталанта" (Италия) — "Пари Сен Жермен" (Франция)
Еуропа футбол қауымдастықтары одағының атқарушы комитеті Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалының қарымта матчтары жөнінде шешім қабылдады.
1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді. Қарымта матчтар 7-8 тамыз күндеріне жоспарланған.
Биыл Чемпиондар лигасы "сегіздің финалы" форматында аяқталады