Германия ұлттық құрамасы мен дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Марко Ройсты, Жозе Моуриньо келесі жылы лондондық «Челсидің» сапында ойнағанды көздеген екен. «Боруссия» командасында жасындай жарқылдаған Ройсқа жалғыз «Челси» емес, бүгінде еуропаның алпауыт командалары назар салып отыр. Жартылай қорғаушының аталған командамен келісімшарты осы жылдың аяғында тәмәмдалмақ. Ал келесі жылы ойыншының қай командаға ауысатыны, болмаса қазіргі командасында қала беретіні белгілі болмақ.
Юрген Клопптың жаттықтыруымен "Боруссия" командасы қайтадан жаңаша ойын өрнегін көрсете бастады. Бүгінде командадан суырылып шыққан Марио Гётце мен, Роберт Левандовский сынды ойыншылар "Бавария" командасында ойнап жүр. Ендігі кезек Марко Ройсқа да келген секілді.Марконың келесі жылы қай команданы таңдайтынын уақыт көрсетер.
Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет
Сурет:peoples.ru