"Челси" ойыншысы әскерге шақыртылуда

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Челси" ойыншысы әскерге шақыртылуда

The Daily Mail басылымы лондондық "Челсидің" футболшысы Мұхамед Салахтың (Mohamed Salah) Египеттің қарулы күштерінде әскери борышын өтеуі мүмкін екенін жазуда.

БӨЛІСУ

Өз елінде ойыншы әскери міндеті кейінгі шегеріле тұратын оқу орнына түскен. 2012 жылы швейцариялық "Базель" сапына ауысқан күннен жартылай қорғаушы сабаққа баруды доғарыпты. Осы жылдың маусым айында Салах аталған оқу орнынан шығарылып, енді заң бойынша әскерге аттануы тиіс. 

Футболшының төңірегінде туындаған бұл дауға Египет құрамасының бас менеджері, ұлттық құрамада өткізген ойын саны жағынан рекордсмен (184) Ахмед Хассан да қарап отыра алмауда:

"Салах маған Египетті бар дүниеде жақсы екенін жеткізем деген болатын. Енді ел осылайша жауап қайыруда. Мұны енді қалай түсінуге болады?" - дейді менеджер. Және де Ахмед Хассан жақын күндері бұл жайтты білім және қорғаныс министрліктерімен талқыға салмақ ниетте.

2014 жылдың қаңтарында египеттік талант иесі лондондық "Челсидің" жейдесін киіп, өзі қатысқан он ойында екі доп соққан еді. Британдық басылымдар Салахтың лондондықтардың бас бапкері Жозе Моуриньюдің осы жылғы жоспарына енетінін жазуда.

Египет әскері күші мен сыртта өнер көрсететін футболшылар арасында мұндай түсінбеушіліктер жиі орын алып тұрады екен. Дәл осындай жағдай 2010 жылы орын алыпты, елдің әскери мекемесі дортмундық "Боруссияның" бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Зиданды өз борышын өтеуге әскерге шақыртқан көрінеді. "Ең қызығы сол", борыш өтеумен кеткен бір жылдан соң футболшының мансап жолы ақсап, содан кейін жолы болмаған футболшы ақыры телекомментаторлық жұмысқа ден қойған екен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru