"Челси", "Арсенал", "Милан" мен "Ювентус" клубтарының бірі Астанада жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Челси", "Арсенал", "Милан" мен "Ювентус" клубтарының бірі Астанада жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
Фото ©️ The Russian Times

Еуропаның ең танымал футбол клубтары саналатын "Челси" (Англия), "Арсенал"" (Англия), "Милан"(Италия) мен "Ювентус" (Италия) командаларының бірі Астанада жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

- Дәл қазіргі уақытта "Астана Арена" стадионының желегіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 мамырға дейін аяқталады. EXPO қарсаңында Еуропаның осындай танымал командаларының бірі Астанада ойнағанын жоспарлап отырмыз.

"Челси", "Арсенал" және "Милан" командаларымен келіссөздер жүргізілуде. Олардың бізге қойып отырған бір талабы ғана бар. Жасыл алаң желегі сапалы болуы тиіс. Танымал футболшылар келмесе де, клуб намысын қорғайтын команда ойыншылары келетін болады.

Өткен маусымда стадионда Чемпиондар лигасының ойындары өтті. Жылдан жылға келуші жанкүйерлер саны артып келеді. Меніңше бұл тұста Қазақстан құрамасы қай командамен ойнауы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін. Жоғарыда айтқан командалардың бірі келетін болады, - деді Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев.  

Айта кетейік, осыған дейін отандасымыз Геннадий Головкиннің 17 шілде күні Астанада жекпе-жек өткізетіні белгілі болған еді.