Бұйырғаны – 1 алтын! Қазақстанның 29 балуаны жүлдесіз қайтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бұйырғаны – 1 алтын! Қазақстанның 29 балуаны жүлдесіз қайтты
Фото ©️ kazsports.kz

Күрес түрлерінен Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты Ризабек Айтмұхан жеңіп алған алтын жүлдемен ғана аяқтады, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Грек-рим күресінен сынға түскен балуандардың бірде-бірі жүлдеге талас жүргізе алмады. Балуан қыздар да жүлде еншілей алмады. Лаура Ғаниқызы, Алина Ертөстік пен Зейнеп Баянова 5-орын алды. Осылайша, ұлттық құрама сапында барған 30 балуанның 29-ы жүлдесіз қайтты.

Жалғыз алтын медальды еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан иеленді. Сондай-ақ Алан Оразбеков 5-орыннан көрінді. Нәтижесінде, еркін күрес құрамасы жалпы есепте 8-орыннан көрінді. 

Бүгін Тиранада ересектер арасындағы (олимпиадалық салмақта емес) әлем чемпионаты басталады. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!