
Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет және спорт басқармасының жаңа уақытша басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің мәдениет және спорт басқармасын енді бұрынғы таэквондист, әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2004 жылғы Олимпиада қатысушысы Әділхан Сағындықов басқарады.
Айта кетейік, 2024 жылға дейін аталған лауазымда конькимен жүгіру спортының шебері Сергей Мелехов болды. Ол 2024 жылғы 6 қарашада қызметінен кеткеннен кейін, басқарманы уақытша Миәт Ерхан басқарған.
Еске салсақ, өткен жылдың тамыз айында туризм және спорттың экс-министрі Ермек Маржықпаев: "20 басқарма басшысының ішінде 10-ы орнында қалса, бұл жақсы көрсеткіш", – деп, елдегі спорт басқармаларының басшыларының жартысына жуығы ауысатынын меңзеген болатын.
Маржықпаевтың осы "уәдесінен" бері жеті ай өтті, қазіргі уақытта тек сегіз басқарма басшысы өз орнында қалған.
Қазақстан аймақтарындағы спорт басқармаларының басшылары
Астана қаласы – Василий Левит (2024 жылдың ақпанында тағайындалды)
Алматы қаласы – Онжан Бекжан (2024 жылдың шілдесінде уақытша тағайындалды) Шымкент қаласы – Маратбек Мықтыбеков (2023 жылдың қарашасында тағайындалды)
Ақмола облысы – Ардақ Төлендин (2024 жылдың сәуірінде уақытша тағайындалды)
Ақтөбе облысы – Мейрамбек Махамбетов (2025 жылдың 27 қаңтарында тағайындалды)
Алматы облысы – Айбол Құлбаев (2025 жылдың 26 ақпанында тағайындалды)
Атырау облысы – уақытша басшы Нұрбол Сыдыков
Шығыс Қазақстан облысы – Асқар Можанов (2023 жылдың қыркүйегінде уақытша тағайындалды, қазіргі басшы)
Жамбыл облысы – Ернар Ибраимов (2024 жылдың сәуірінде тағайындалды)
Жетісу облысы – уақытша басшы Саят Сарқытов
Батыс Қазақстан облысы – Бақдәулет Сабитов (2025 жылдың 17 қаңтарында тағайындалды)
Қарағанды облысы – Серік Сәпиев (2024 жылдың 24 қарашасында тағайындалды)
Қостанай облысы – Дулат Советханұлы (2025 жылдың 24 ақпанында тағайындалды)
Қызылорда облысы – Бақтияр Артаев (2024 жылдың 10 желтоқсанында тағайындалды)
Маңғыстау облысы – Мақсат Мұқаш (2023 жылдың қазанында тағайындалды)
Павлодар облысы – Азамат Имашев (2024 жылдың 26 қарашасында тағайындалды)
Солтүстік Қазақстан облысы – Әділхан Сағындықов (2025 жылдың 11 наурызында тағайындалды)
Түркістан облысы – уақытша басшы Алмасбек Нағыпбеков
Ұлытау облысы – Марат Айдашев (2025 жылдың 13 қаңтарында тағайындалды)
Айта кетейік, Қазақстандағы аймақтық спорт басқармалары ұзақ уақыт бойы әкімдіктердің қарамағында болып, Туризм және спорт министрлігіне бағынған жоқ. 2024 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша жаңа жүйе енгізіліп, министрлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындауға араласатын болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!