Бүгін Лондондағы Royal Festival Hall корольдік фестиваль залында Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы (ФИФА) 2018 жылдың ең үздік футболшыларын марапаттайды. Салтанатты кеш Астана уақытымен сағат 00:30-да басталады. Марапаттау кешін Қазақстан ұлттық арнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай аласыздар.
Бүгін ФИФА төмендегі мынадай бағыттар бойынша ең үздіктерді анықтайды:
1. Ең үздік ойыншы (ерлер арасында): Криштиану Роналду ("Реал Мадрид", "Ювентус"/Португалия) Лука Модрич ("Реал Мадрид"/Хорватия) Мохаммед Салах ("Ливерпуль"/Мысыр).
2. Ең үздік ойыншы (әйелдер арасында): Ада Хегерберг (Норвегия, "Лион"), Дженифер Марожан (Германия, "Лион"), Марта (Бразилия, "Орландо Прайд").
3."TheBest Men’s Coach Award" – жылдың үздік бапкер марапатынан үміткерлер: Златко Далич (Хорватия), Дидье Дешам (Франция), Зинедин Зидан ("Реал Мадрид").
4. "TheBest FIFA Goalkeeper Award" – жылдың үздік қақпашысы: Тибо Куртуа ("Челси", "Реал"/Бельгия), Уго Льорис ("Тоттенхэм"/Франция), Каспер Шмейхель ("Лестер"/Дания).
5. "FIFA Fan Award" – жылдың үздік жанкүйері марапатына үміткерлер: Себастьян Каррера Жапония мен Сенегал құрамаларының жанкүйерлері Перу құрамасының жанкүйерлері.
6. Жылдың үздік құрамы: Кәсіпқой футболшылар ассоциациясының халықаралық федерациясы (FIFPro) 2018 жылғы "Жыл құрамы" қатарына енуі мүмкін 55 үміткердің тізімін жариялағанын жазған едік. Дауыс беруге әлемнің 65 елінен 25 мың кәсіби футболшы қатысты. FIFPro 5 қақпашының, 20 қорғаушының, 15 жартылай қорғаушының және 15 шабуылшының есімін атаған.
7. Ең үздік гол үшін берілетін Ференц Пушкаш сыйлығы:
Гарет Бэйл ("Реал" - "Ливерпуль" ойынындағы гол)
Денис Черишев (Ресей – Хорватия)
Криштиану Роналду ("Реал Мадрид" - "Ювентус")
Лазарос Христодулопулос (АЕК - "Олимпиакос")
Джоржиан де Арраскаэта ("Крузейро" - "Америка")
Райли Макгри ("Ньюкасль" - "Мельбурн Сити")
Лионель Месси (Аргентина – Нигерия)
Бенжамен Павар (Франция – Аргентина)
Рикардо Куарежма (Португалия – Иран)
Мохаммед Салах ("Ливерпуль" - "Эвертон")
Аталған марапаттар ішінде ең маңыздысы ерлер арасындағы үздік футболшы сыйлығы. Өткен жылы ФИФА Португалия ұлттық құрамасы мен сол уақыттағы "Реал Мадрид" шабуылшысы болған Криштиану Роналдуды қатарынан екінші рет ең үздік ойыншы деп таныған еді. Бұл жолы да үздіктер қатарынан орын алған Роналду салтанатты кешке келмеуі мүмкін. Бұған "Ювентус"-тың тығыз ойын кестесі себеп. Туриндіктер жексенбі, 23 қыркүйек күні "Фрозиноне" (2:0) клубымен кездескен еді. Ал келесі ойын "Болоньи" клубына қарсы (26 қыркүйек) сәрсенбі күні өтеді. Бұл жолы Роналду ұйымдастырушыларға алдын ала келе алмайтыны туралы хабарлаған.
"Барселона" клубы мен Аргентина ұлттық құрамасы капитаны Лионель Месси үздік үштікке енбей қалған болса да марапаттау рәсіміне баратыны туралы хабарлаған едік. Бірақ El Mundo Deportivo мәліметінше, Месси Каталония клубының басшылығына отбасылық себептерге байланысты салтанатты кешке қатыса алмайтындығын айтқан.
Әлемнің үздік футболшысы дауыс беру арқылы анықталады. Сауалнамаға FIFA құрамындағы елдердің ұлттық құрамаларының бас бапкерлері мен капитандары, сонымен қатар әр елдің спорттық басылымдары дауыс береді. "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді.