Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ақтық сынына шыққан төрт боксшымыз бүгін алтын жүлдені сарапқа салады. Шаршы алаңдағы жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Дүбірлі дода 14 сәуір күні басталған еді. Жартылай финалға дейін бес боксшымыз сүрінбей жетті. Финалға берілер жолдама үшін тартыстағы қыздар бәсекесінде қарсылас шыдатпай келген Алуа Балқыбекова армениялық Ануш Григорянға есе жіберіп, қоланы қанағат тұтты. Ал ерлер арасындағы тартыста Шалқар Айқынбай (49 келі), Сұлтан Зауырбек (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі) және Вадим Казаков (81 келі) ақтық сынға жетті. Финалға шыққандар саны бойынша жерлестеріміз көш бастап тұр.
Финалдық кездесулер жұбы төмендегідей:
Талантты жас боксшыларымызға сәттілік тілейміз. Ақжолтай жаңалықтармен қазақ жанкүйерлерін қуантады деген сенімдеміз!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: kfb.kz